RU
Алматы-1 теміржол вокзалынан 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді (фото, видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы-1 теміржол вокзалынан 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді (фото, видео)

Расказать Вконтакте

Бүгін кешке Алматыдағы Алматы-1 темір жол вокзалының аумағынан 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы-1 теміржол вокзалынан 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді (фото, видео)

Алматы-1 теміржол вокзалынан 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді (фото, видео)

Бұл туралы Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Салтанат Әзірбектің ұсынған дерегі бойынша, сағат кешкі 18:34-те Алматы-1 теміржол вокзалының күту залында күдік тудыратын қорап табылған.

Алғашқы әрекет ету шаралары қолға алынды. Ең алдымен, жалпы саны 10 мың адам аумақтан қауіпсіз қашықтыққа көшірілді. Оның ішінде төрт жолаушылар пойызындағы жолаушылар да бар. Сағат 19:26-да тексеру шаралары аяқталды. Қораптан тыйым салынған заттар табылған жоқ. Алматы қаласындағы жедел әрекет ету қызмпеттерінің барлығы іске қосылды. Қазіргі таңда вокзал әдеттегі жұмыс режиміне көшті, - деді Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_almaty паблигінде Алматы-1 вокзалындағы жағдайдың видеосы пайда болған еді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
7
1
11
3
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір