RU
Сарапшы Назарбаев пен Трамптың кездесуінен не күтуге болатынын айтты
Жаңалықтар Авто новости

Сарапшы Назарбаев пен Трамптың кездесуінен не күтуге болатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Сарапшы Жұмабек Сарабеков 16 қаңтардағы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың арасындағы кездесуден қандай нәтиже күтуге болатынын айтты деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: akordapress

Фото: akordapress

Қазақстан Тұңғыш президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысының пайымынша, сапар қорытындысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылатын болады.

"Бүгінгі күні барынша басымдыққа ие сала экономикалық өзара іс-қимыл болып отыр. Белсенді саяси диалогтың орын алғанына қарамастан экономикалық байланыстар тым төмен деңгейде қалып отыр. 2017 жылдың қорытындысында өзара сауда-саттық көлемі шамамен 1,7 млрд долларды құрады. Ал бұл біздің қарым-қатынасымыздың әлеуетіне мүлдем жауап бере алмайды. Сондықтан да дәл осы бағытта жаңа әдістер әзірленетін сияқты", - деді Сарабеков.

Жұмабек Сарабековтің сөзінше, Қазақстан үшін АҚШ инвестиция, технологиялар трансферті тұрғысына зор қызығушылық тудырады. Себебі америкалық компаниялар бұл салаға қажетті жоғары технологияларға ие.

Сондай-ақ, сарапшы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі екенін айтады.

"Терроризм мен экстремизммен күресте Қазақстан мен АҚШ мүддесі ортақ. Әрине, Ауғанстанға қатысты ынтымақтастық та қалып, өз жалғасын таба береді. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың да орны ерекше", - дейді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
6
2
3
21
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар