RU
Атырау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Атырау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Расказать Вконтакте

Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов жемқорлық күдігімен ұсталған шенділер туралы айтып, тұрғындардан кешірім сұрады деп хабарлайды Атырау әкімдігінің Facebook парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Серік Шапкенов. Фото: facebook.com

Серік Шапкенов. Фото: facebook.com

Желідегі жазбасында Серік Шапкенов қаладағы жылыту жүйесінің жағдайын айтып, шаһарды қардан тазарту жұмыстарының қалай жүріп жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ әкім қамауға алынған екі бірдей коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің басшылары мен қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасарына қатысты пікір білдірген.

Қазір бұл азаматтардың барлығы қамауға алынып, сот процесін күтуде. Олардың кінәлілік деңгейін сот анықтайды.
Айта кету керек, коммуналдық қызмет көрсету саласындағы басшылық қызметте болған бұл азаматтардың жауапкершілікке тартылуы мені қатты қынжылтты. Қала басшысы ретінде мен осындай жағдайлардың орын алғаны үшін тұрғындардан кешірім сұраймын.
Біз жемқорлықпен күресті үдетіп, абыройымызды нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу үшін барымызды салатын боламыз!", - дейді Серік Шапкенов.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
6
0
1
1
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір