RU
Жылына бір-ақ рет жуынатын әйеліне төзе алмаған отағасы ажырасып тынды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жылына бір-ақ рет жуынатын әйеліне төзе алмаған отағасы ажырасып тынды

Расказать Вконтакте

Тайбэйдің аудандық соты алғаш рет жеке бастың тазалығына бола ажыраспақшы болған ерлі-зайыптылардың арызын қарады деп хабарлайды Taipei Times-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: mirrors.co.uk

Көрнекі фото: mirrors.co.uk

Сотқа шағымданып келген отағасының айтуынша, ол 15 жыл бойы жылына бір-ақ рет қана жуынуды құп көретін әйелінің әдетіне төзген.

Алайда дене мен тістен шыққан жағымсыз иіс оның психологиясына кері әсер етіп, одан әрі төзу мүмкін болмаған.

Белгілі болғандай ерлі-зайыптылар отбасылы болмай тұрып, бойжеткен аптасына бір-ақ рет қана душқа түссе де, ер адам сүйіктісінің бұл қылығана көндігіп, оған қолы мен жүрегін ұсынған.

Алайда олар бір шаңырақтың астында тұра бастағанда әйел жуыну мен тіс жууды мүлде қойған.

Соның кесірінен ерлі-зайыптылардың төсек қатынасындағы өмірі тозаққа айналып, олардың 15 жылда бірде-бір рет баласы болмаған.

Аудандық сот бірнеше тыңдалымнан кейін ер адамның шағымын қанағаттандырып, қос тараптың ажырасуын заңды деп таныған.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
13
15
14
9
14
35
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір