RU
Қостанай облысында лифтіде қалып қойған жеткіншек қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанай облысында лифтіде қалып қойған жеткіншек қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысының Лисаковск қаласында лифтіде екі бала қалып қойып, бірі қаза болған деп хабарлайды alau.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Қайғылы оқиғаның болғанын прокурор Еркін Тайкешов растаған.

Прокурордың мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 16.00-де 6 ықшам аудандағы үйлердің біріндегі лифтіде екі жасөспірімнің қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Жасөспірімдердің бірі өздігінен шығуға талпынған, алайда сол сәтте лифт іске қосылып кеткен. Оқиға орнынан 2002 жылғы жасөспірімнің мәйіті табылды. Ал екінші бала дін-аман. Ол қауіпсіз жерге шығарылды", - дейді Еркін Тайкешов.

Қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 306 бабының үшінші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
5
1
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір