RU

Алматы облысында өгей қызының мұрнын жұлып алған ер адам ұсталды

Өгей қызының мұрнын жұлып алған Алматы облысының 31 жастағы тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Осыған дейін Алматы облысының тұрғыны Аяулым Матаева үш жасар қызының мұрнын тістеп, аяусыз ұрған азаматтық некедегі күйеуінен қорқып, пана іздейтінін жариялаған.

Оқиға Талғар ауданында 25 желтоқсанда болған. Сол күні түрлі жарақаттар алған үш жасар бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізілген. Кішкентай қыз ауруханада екі аптадан астам емделді.

"Қашып кеткен жігітке іздеу жарияланған болатын. Ол бүгін таңертең қала аумағынан шығуға әрекеттенген кезде трасса бойынан ұсталды. Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 107 бабы бойынша іс қозғалған болатын. Қазір 107 бап Қылмыстық кодекстің 106 бабына "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" туралы бабына ауыстырылды", - деп хабарлады облыстық ІІД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711968-almaty-oblysynda-gej-kyzyny-mrnyn-zlyp-algan-er-adam-staldy.html