Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалидың әнін айтқан әйгілі актер әйелін жылатты (видео)

Опубликовано:

Елімізге белгілі актер Досхан Жолжақсынов жұбайы Қаракөз Сүлейменованың 50 жасқа толған мерейтойында Төреғали Төреәлінің әнін арнап, әйелін жылатты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бұл енді Төреғали Төреәлінің әні. Өзіме соншалықты ұнаған ән. Осыны өзіңе арнадым",-деді ол жұбайына қарап.

Жарының әнін естіген Қаракөз Сүлейменова толқыныстан көзіне жас алып, артынан жұбайының әніне тербеле биледі.

Аталған видеоны көрген желі қолданушылары олардың махаббаттарына сүйсініп, қызығушылықтарын білдіріп жатты.

"Қандай бақыттысыз! Қызығып отырмын. Қайта-қайта қарадым видеоны", "Екеуіңіз текті, асыл жандарсыздар ғой. Бала-шағаларыңыздың қызығын көріңіздер", "Бұдан асқан бақыт бар ма?!",-деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1712029-tregalidy-nin-ajtkan-jgili-akter-jelin-zylatty-video/

pixel