RU

Ақбота Сейітмағамбет жаңа әнін кімге арнады?

Атышулы Ақбота Сейітмағатбет жуырда "Қайда" атты жаңа әнін жарыққа шығарды. Жаңа әнді естіген тыңдарман оны әншінің бұрынғы күйеуі, актер Дәурен Айдарқұловқа арналды деп болжады. "Астана" арнасына сұқбат берген Ақбота болса бұл әннің кімге арналғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет. Фото: Instagram
Ақбота Сейітмағамбет. Фото: Instagram: UGC

"Ажырасып кеткендіктен бұл әнді "бұрынғы күйеуіне арнады" деген қауесет болуы мүмкін. Бірақ соның алдын-ала отырып сіздерге айтып кетейін, бұл жәй ғана -махаббатқа, ыстық сезімге арналған ән. "Мен сені күтіп едім", "тастап кеттің", "алдап кеттің" деген сөздер жоқ. Әннің атын "Қайда", "Қайта-қайта" деп өзгертіп, кейіннен "Қайда" болады деп шештік",- деді Ақбота.

Аталған әнді әншіге бірге оқыған группаласы сыйға тартқан.

"Бұл әнді бірге оқыған группаласым - Әзиз Балтабайұлы сыйға тартты. Сөзін жазған - Мархаба Сәби",-деді ол.

Бүгінде өнер сахнасына қайта оралған Сейітмағамбет актрисалық пен әншіліктен бөлек, бизнес бикешке айналуы мүмкін екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712055-akbota-sejitmagambet-zaa-nin-kimge-arnady.html