RU

Ақтөбеде мектептің алдында намаз оқығандар жазаға тартылатын болды

Бүгін «Ақтөбе ақпарат» орталығында есеп берген жергілікті полиция қызметінің басшысы Қаныбек Жақсығалиев қала мектебінің сыртында намазға жығылғандардың жауапқа тартылатынын хабарлады.

Ақтөбеде мектептің алдында намаз оқығандар жазаға тартылады
Ақтөбеде мектептің алдында намаз оқығандар жазаға тартылады: UGC
«Мектепте есіктің сыртына намаз оқығандарға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Менің ойымша, олар әкімшілік жауапқа тартылады.
Негізінен ішкі істер қызметінің орамал мәселесіне ешқандай қатысы жоқ. Тек сыртта намаз оқығандарға қатысты тәртіптік жаза қаралып жатыр», - дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы Қаныбек Жақсығалиев.

Сонымен қатар, полиция басшысы мектеп жанындағы тәртіп сақшылары оқушы орамалын шешумен емес, қоғамдық тәртіпті бақылаумен айналысып жүргенін жеткізді.

«Орамал тартып мектепке келушілермен жұмыс - біздің бақылауымызға жатпайды. Білім министрлігінің бұйрығы бойынша орамал мәселесі көп қозғалып жатыр. Қалада, Қандыағашта, Темір ауданында осы мәселелер көтерілуде. Орамалға қатысты мектеп басшылығы мен теологтар жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз тек қоғамдық тәртіптің бұзбауын бақылаймыз», - дейді Қаныбек Жақсығалиев.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде тура мектептің алдында қара жамылып, намаз оқыған әйелдердің ел-жұртты шошытқандары туралы жазған болатынбыз.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712094-aktbede-mektepti-aldynda-namaz-okygandar-zazaga-tartylatyn-boldy.html