Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш жасар сәби көз жұмған атасы мен әжесін екі күн бойы оятпақ болған (видео)

Опубликовано:

Тайваньның Килунг қаласында орын алған қайғылы оқиғада марқұм болған ата мен әжей үш жасар немересімен бір пәтерде тұрып жатқан. Қарттар бір күнде қатар көз жұмып, сәби екі күн бойы оларды оятпақ болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

60 жастағы қарттардың қайтыс болғанын тәртіп сақшылары үй есігін бұзып кірген соң бір-ақ білген. Көршілері марқұм ата мен әжейдің бірнеше күн бойы үйінен шықпай қалғанынан сезіктеніп, полицияға хабарласыпты.

Кішкентай баланың ата-анасы өзге қалада жұмыс істейтіндіктен, балаларын әжесі мен атасына қалдырған. Үйіндегі ересектер қайтыс болған соң сәби екі күн бойы тамақ ішпей жылай берген.

Полиция қызметкерлері баланы ауруханаға жеткізіп, оның денсаулығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Сәбидің ата-анасына болған оқиға туралы хабар берілді.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Тексеру барысында марқұмдардың денесінен ешқандай зорлық-зомбылық іздері табылмаған. Белгілі болғандай қайтыс болған азамат ми ісігімен ауырып, әйелі жүрек талмасына шалдыққан екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1712101-s-zasar-sbi-kz-zmgan-atasy-men-zesin-eki-kn-bojy-oatpak-bolgan-video/

pixel