RU

ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсіп қалды

ШҚО-дағы Зырян қаласында тоғызыншы сынып оқушысы спирттік ішімдік ішемін деп комаға түсіп қалған деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 желтоқсан күні тіркелген. Жергілікті ауруханалардың біріне 2002 жылы туылған қыз ауыр халде түсіпті. Дәрігерлер оған "алкогольден уланған" деген диагноз қойған.

Тесеру нәтижесінде жасөспірімнің ауруханаға түспей тұрып Зырян қаласындағы мәдениет және спорт сарайында болғаны анықталды. Онда оқушы қыз спирттік ішімдік ішкеннен соң өзін жайсыз сезіне бастаған.

Тәртіп сақшылары оқушының ата-анасының үстінен қылмыстық іс қозғап, оларды "кәмелетке толмаған жасты тәрбиелеуде міндетін дұрыс атқармады" деп айыптауда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712114-sko-da-isimdik-isken-okusy-kyz-komaga-tsip-kaldy.html