Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

45 жастағы келіншек қайтыс болған адамның елесіне тұрмысқа шықты (фото)

Опубликовано:

Аманда есімді ирландиялық келіншек елден ерекше той жасады. 45 жастағы әйел 18-ші ғасырда өмір сүрген Джек есімді адамның елесіне тұрмысқа шықты. Бұл туралы Metro-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Аманда Тиг. Фото: sunnews
Аманда Тиг. Фото: sunnews: UGC

Аманданың айтуынша, оның жан жары жарықты өшіріп, жаға алады. Сондай-ақ, үйдегі заттарды да орнынан қозғалта алады екен. Келіншек жұбайының қара нәсілді екенін де жасырмады.

Джек бұл өмірде пират болған, сондай-ақ, дарға асып өлтірілген. Аманда екеуінің арасындағы махаббат пираттық өмірге қызығушылықтан туындағанын айтады.

Аманда Тиг
Аманда Тиг: UGC

Алғашында әйел елеспен ара-қатынас құруға дайын болмаған екен. Бірақ айтқанынан қайтпаған елес екеуінің бірге болуына мүдделі болса керек.

Аманда некелесу тойын кішігірім қайықта өткізді. Олардың бақытты сәтіне медиум (адам мен елес арасындағы дәнекер) куә болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1712138-45-zastagy-kelinsek-kajtys-bolgan-adamny-elesine-trmyska-sykty-foto/

pixel