RU

Өзбекстандағы халық саны 33 миллионға жақындап қалды

2017 жылы Өзбекстанның халық саны жарты миллион адамға өсіп, 2018 жылдың басында 32 млн 653 мың адамға жеткен. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Көрнекі сурет: Sputnik Өзбекстан
Көрнекі сурет: Sputnik Өзбекстан: UGC

Атап айтқанда, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты халық саны 32 млн 653,9 мың адамды құраған және 2017 жылы 533,4 мың адамға (1,7%) көбейген.

Қаладағы халық саны 16 млн 533,9 мың адам (немесе 50,6%), ауыл халқының саны 16 млн 120 мың адам (49,4%) болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712139-zbekstandagy-halyk-sany-33-millionga-zakyndap-kaldy.html