RU

"Қазақваген": Жамбылдық малшы мотоциклден машина жасады (фото)

Жамбылдық Төлеген Юсупов үш аяқты техниканы жеңіл көлікке айналдырып елді таңырқатуда. Қарпайым малшы "Қазақвагенді" қалай құрастырғанын КТК арнасына айтып берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Скриншот КТК арнасы
Скриншот КТК арнасы: UGC

Төлегеннің машинадан мотоцикл жасаймын дегеніне әу баста туған-туыстары, тіпті жарының өзі сенімсіздік танытқан. Бірақ 38 жастағы азамат өзінің дегеніне жетіп, үш аяқты техниканы механикалық машина етіп жасап шығарған.

Скриншот КТК арнасы
Скриншот КТК арнасы: UGC

Күтпеген жерден көлік "Геленвагенге" ұқсап қалды. Сөйтіп, ол "Қазақваген" деп аталып кетіпті.

Ал көлікке берілген 080 TEN 08 мемлекеттік нөмірі де тегін емес. "Тен" деген Төлеген дегенді білдіреді. Ал өзі мал бағатын Төлеген Юсуповтың мұндай көлік құрастыруына оның мотоциклмен жауынның астында қалуы себеп болған. Сондықтан салонның ішін неғұрлым жылы етуге тырысыпты.

Скриншот КТК арнасы
Скриншот КТК арнасы: UGC

Жыл он екі ай жүруге ыңғайлы техниканы құрастыруға Төлегеннің бір апта уақыты кеткенімен, бір тиын шығындалмаған. Ол үйдегі ескі көліктің жарамсыз бөлшектерін кәдеге жаратыпты.

Ал сыртына құрылыс материалы алюкобондты қолданған. Салонның ішінде жарық бар, тіпті өрісте жүріп-ақ қалта телефонын қуаттауға болады.

Айта кетейік, "Қазақваген" тегіс жолда сағатына 70-80 шақырым жылдамдықты бағындыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712154-kazakvagen-zambyldyk-malsy-motociklden-masina-zasady-foto.html