RU

Алматы облысында көлігін жарып жіберген кәсіпкерге екінші рет қастандық жасалған

Алматы облысы Ащысай ауылының тұрғыны Нұрлан Ахметовті өлтіруге жасалған әрекет екінші рет қайталанып отыр деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

коллаж NUR.KZ (кадрлар "Астана" арнасы)
коллаж NUR.KZ (кадрлар "Астана" арнасы): UGC

Нұрланның айтуынша, бұл Ахметовтар жанұясына қасақана жасалған алғашқы әрекет емес. 2010-шы жылы інісіне тапаншадан оқ атылса, 2012-ші жылы көлікпен келе жатқан жерінен өзіне автоматтан оқ жаудырған. Бірақ, екі іс те ашылмапты.

Араға үш жарым жыл салып, оқиға қайталанып отыр. Бұл жолы кәсіпкердің көлігіне жарылғыш зат қойылған. Бірақ, оқиғадан өзі емес, жұмысшысы зардап шегіп отыр.

Оқиға 13-ші қаңтарда таңғы сағат 10 жарымдар шамасында болған. Жергілікті кәсіпкер қол астындағы жұмысшысына көлігін оталдыра салуын сұрайды. Осы сәтте жарылыс болған.

"Менде жұмыс істейтін бір жігіт болған. Соған машинамды оталдыр деп кілтімді бердім. Ол оталдыруға түскен. Сол кезде дөңгелекте жіп тұрғанын көрген. Тартқанында сол жарылған ғой", - дейді кәсіпкер Нұрлан Ахметов.

Жарақат алған жұмысшы ауруханада. Дәрігерлер оған екі сағатқа созылған операция жасаған. Қазір науқастың жағдайы қазіргі таңда қанағаттанарлық.

Ал айдың-күннің аманында ащысайлықтарды ұйқыдан айырған жағдайды тәртіп сақшылары қолға алған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712157-almaty-oblysynda-kligin-zaryp-zibergen-ksipkerge-ekinsi-ret-kastandyk-zasalgan.html