RU

ШҚО-да ауруы асқынған оқушы тіл тартпай кетті

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Шолпан ауылында сарыауру індеті өршіп барады. Былтыр күз айында басталған жұқпалы дертпен бүгінде 50-ге жуық оқушы ауырған. Тіпті адам өлімі тіркелген деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:360tv.ru
Көрнекі фото:360tv.ru: UGC

11 жастағы жеткіншек ауруы асқынып көз жұмған.

"Басында мұны сарыауру емес, ұшынып қалған деді. Біздің көшенің басында бір қыз ауырып бастады. Одан жұқпалы аурулар емханасына апарып жатқызды. Бір апта жатты ма, жатпады ма, екі баланы мектепке әкелді. Ол балаларды не оқшаулаған жоқ, не алдын алған жоқ. Ақыры менің қызым ауырды, міне, нәтижесі осындай болып отыр. Сол сарыаурудан қайтыс болды, асқынып кеткен. Жансақтау бөлімінде жатқанда қасында болдым. Қарамағанның нәтижесінде осындай болып отыр, салғырттықтың кесірінен ғой", - дейді Шолпан ауылының тұрғыны Индира Жәнібекова.

Қазір бұл жағдай бойынша прокуратурада қылмыстық іс қозғалған. Әлі қорытындысы беймәлім.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп оқушылары ішінде сарыауру тарала бастапты. Содан бері аудан әкімдігі мен жергілікті дәрігерлер қаншама жанталасқанымен, жұқпалы дерттің беті қайтпай тұр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712212-sko-da-auruy-askyngan-okusy-til-tartpaj-ketti.html