Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйге келді. Елбасыны Дональд Трампның өзі күтіп алды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Назарбаевтың кортежі жергілікті уақыт бойынша 12:00-де келді.
Қазақстан президентін кіре берісте Дональд Трамп күтіп алды. Екі президент амандасқан соң, Ақ үйге кірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Рузвельттің қонақтарға арналған кабинетінде жазба қалдырады. Сондай-ақ, АҚШ президентімен шағын құрамда кездесу өтеді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1712305-nazarbaev-ak-jde-donald-tramppen-kezdesip-zatyr-foto-video.html