RU

Назарбаев Трамппен кездесуде не айтты?

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ үйдегі кездесуі кезінде бірқатар халықаралық маңызы бар мәселелерді талқылады. Оның ішінде президент Солтүстік Кореяның саясаты туралы сөз қозғап, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын атап өтті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Назарбаев Трамппен кездесу кезінде не айтты?
Назарбаев Трамппен кездесу кезінде не айтты?: UGC
"Мен Қазақстанның атынан ғана емес, бұрынғы Кеңес республикасы және Орталық Азияның атынан да сөйлеп тұрмын. АҚШ-тың 5+1 форматта болуы өте маңызды. Қазақстан АҚШ елінің терроризмге қарсы күресін және Ауғанстандағы жұмысын белсенді түрде қолдайды", - деді елбасы.

Сондай-ақ президент Солтүстік Корея елінің мәселесін де талқылай келіп, Қазақстанның ядролы бомбадан бас тартқанын атап өтті.

"Ядролы елдерді бізден үлгі алуға шақыруға моралді құқымыз бар. Біз Иранмен сөйлескендей, Солтүстік Кореямен де сөйлесіп жатырмыз. Солтүстік Кореяның мәселесін АҚШ пен Қытай, Ресей елдерімен бірігіп шешуге болады ", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар елбасы АҚШ еліне Қазақстанның визасыз режим бергенін атап өтті.

«Қазақстан бізде жиі болатын америкалық азаматтарға визасыз режім жариялады. Біз сіздерден де жауапты реакция болады деп үміттенеміз. Біздің елдер арасында алғаш рет әуеаралық хабарлардың алмасуы ашылуда», -деді президент сөз соңында.

Айта кететіні, елбасы Трампты тоғызыншы немересінің дүниеге келуімен құттықтап, өткен жылы өзінің де оныншы немерелі болғанын айтты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1712309-nazarbaev-tramppen-kezdesude-ne-ajtty.html