RU

Мемлекет басшысы америкалық бизнесмендермен кездесті

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының іскер топтар өкілдерімен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мемлекет басшысы америкалық бизнесмендермен кездесті
Мемлекет басшысы америкалық бизнесмендермен кездесті: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында орныққан қатынастардың маңыздылығы мен стратегиялық сипатына тоқталды.

"Америка Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша екінші орында. Тәуелсіздік жылдары ішінде сіздердің компанияларыңыз тарапынан Қазақстанға 50 миллиард доллардан астам инвестиция құйылды. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті.
Біздің елде энергетика, көлік, инновация, медицина және басқа да салаларда Америка капиталының қатысуымен 500-ден аса компания табысты жұмыс істеп келеді. Біздің ірі серіктестеріміздің қатарында Шеврон, Эксон Мобил, Дженерал Электрик, Хэллибёртон және басқа да компаниялар бар", – деді елбасы.
Мемлекет басшысы америкалық бизнесмендермен кездесті
Мемлекет басшысы америкалық бизнесмендермен кездесті: UGC

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын цифрландыру және өндіріске инновацияны енгізу барысына ерекше назар аударды.

«Цифрлық Қазақстан» арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осыған орай, экономика салаларын цифрландыру және инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру маңызды болып саналады. Мәселен, Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі сияқты инновациялық кластерлер жұмыс істеуде. Биыл Астанада ІТ-стартаптардың жаңа халықаралық технопаркі ашылады. Осының бәрі ынтымақтастығымыз үшін перспективті бағыт бола алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының ерекше мәртебесін атап өтіп, оның жұмысының алдағы жоспарларына тоқталды.

Мемлекет басшысы америкалық бизнесмендермен кездесті
Мемлекет басшысы америкалық бизнесмендермен кездесті: UGC
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына 50 жылға дейін салықтық, валюталық, визалық және еңбек режімдері сияқты жеңілдіктер беріледі. Бұл – жұмысы ағылшын құқығына негізделген өңірдегі бірден-бір орталық.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық биржасын құруға Шанхай қор биржасы және NASDAQ америкалық биржасы тартылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының «жасыл», исламдық және инновациялық қаржылық құралдарды дамыту жөніндегі өңірлік орталыққа айналуына барлық мүмкіндігі бар. Жаз айында біз халықаралық қоғамдастық үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми таныстырылымын өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан президенті өткізілген кездесудің екі елдің жақындасуына және өзара тиімді әріптестікті нығайтуға серпін беретініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712323-memleket-bassysy-amerikalyk-biznesmendermen-kezdesti.html