Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандала қажытты: Астаналықтардың пәтерінде қоңыз қаптап кеткен

Опубликовано:

Елорданың «Тұрсын Астана» тұрғын-үй кешенінің бірнеше пәтерінде қандала қаптап, тұрғындарға маза бермеуде деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Елордалықтар пәтерлерінде қоңыз қаптап кеткенін айтып, шағымданды
Елордалықтар пәтерлерінде қоңыз қаптап кеткенін айтып, шағымданды: UGC

Елорданың қақ ортасында орналасқан «Тұрсын Астана» тұрғын-үй кешенінде тағы да шу шықты. Бірнеше пәтердің тұрғындары қоңыз бен қандала қаптағанын айтып, портал тілшісіне өз шағымдарын жеткізді.

«Тұрсын-Астанаға биыл күзде көшіп келгенбіз. Пәтер үш бөлмелі болғандықтан, әр бөлмесінде бірнеше жігіт жалдап тұрып жатырмыз. Пәтер иесі қараша айында бір диван әкелген еді. Қайдан алғаны белгісіз, залға сол диванды әкелгелі бері, берекеміз қашты, үйге қандала қаптап кетті.
Қандала деген осылай үйге бір затпен келіп, ұя салып, қаптап кететін бәле екен ғой. Пәтер қожайыны өткенде ғана арнайы мамандарды әкеліп, тазарту жұмыстарын да жүргізген, бірақ, өкініштісі ешқандай нәтиже болмай отыр. Әлі күнге дейін түнімен денеміз қышып, мазамыз қашады.
Диванды да шығарып тастадық, сонда да бой беретін емес, қаптап алды. Тіпті, көрші пәтерлерде тұрып жатқандар бізге шағымдануда, жұқтырасыңдар деп бәрін бізден көріп отыр. Ол пәтерде тіпті кішкентайы бар жас отбасы тұрады, балаға обал», - дейді бір топ астаналық студенттер.

Сонымен бірге, тұрғындар үйде қандаладан бөлек, қоңыз да көп екенін жайып салды.

«Қоңыз да өріп жүр. Әсіресе асханада. Асханадағы шкафты ашсаңыз, түр-түрімен қоңызды көресіз. Күзде аз болатын, қазір күн суығалы бері қаптап кетті.
Дәріханадан дәрісін алып, еденге жағып, барлық шараларды жасап көрдік. Кетер емес. Көшіп кетейік десек, мынадай қыс ішінде қайда барамыз? Не де болса, көктемге дейін шыдайық деп отырмыз, арысын көре жатармыз»,-деп шағымданды тұрғындар.

Айта кетейік, Астана тұрғындарының қандала қатысты көптеген шағымдарынан соң, аталған мәселені қала әкімі Әсет Исеккешовтың өзі бақылауға алған еді. Әкім түйткілді мәселе «назардан тыс қалмағанын, жақын арада өз шешімін табатынын» айтып, жұбатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712356-kandala-kazytty-astanalyktardy-pterinde-koyz-kaptap-ketken/

pixel