Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суық темірге тілі жабысып қалған баланың видеосы желіде тарап кетті

Опубликовано:

Суық күнде темірге тілі жабысып, орнынан жылжи алмай тұрған баланың видеосы желіде тарап, қызу талғықа түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Видеода шамамен 7-8 жасар бала темірге тілі жабысып, ажырай алмай тұр. Кадр сыртындағы адамдардың сөзіне сүйенсек, оны көшеде өтіп бара жатқан ересек кісі кездейсоқ көріп қалған.

Баланың жанына жиналған бірнеше адам темірге жылы су құю арқылы оның тілін темірден ажыратып алды. Әбден тілі ауырып қалған бала қорқып, жылағысы келіп тұрғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары видеоны көріп, өздерінің балалық шақтарын еске түсіргенін айтуда. Кейбірі тіпті, кішкентай кезінде тілі темірден ажырамай қалған соң, тілінен қан сорғалатып жұлып алғанын да жазған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712372-suyk-temirge-tili-zabysyp-kalgan-balany-videosy-zelide-tarap-ketti/

pixel