Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың көк байрағын жамылған Дональд Трамптың суреті желіде тарап кетті (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың қазақтың көк байрағын жамылған фотосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақтың көк байрағын жамылған Дональд Трамптың суреті
Қазақтың көк байрағын жамылған Дональд Трамптың суреті: UGC

Ғаламтор қолданушыларының сөзінше, бұл сурет Лондондағы мадам Тюссо атындағы мұражайдағы АҚШ-тың 45-ші президентінің қуыршақ кейіпі.

Жартылай әзілді фотоны көпшілік «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка басшысымен кездесуіне байланысты арнайы түсірілген» деген болжам айтуда.

Алайда көк туды жамылған Трамптың фотосы жергілікті жұртқа майдай жақты. Барлығы бір ауыздан «Қуыршақ па, әзіл ме шаруамыз жоқ. Алпауыт ел президентінің байрағымызды жамылып тұруы - өзіміз үшін үлкен абырой!» деп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта АҚШ-та іс сапармен жүр. Ол Ақ үй басшысы және америкалық кәсіпкерлермен және АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перримен кездесті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712391-kazakty-kk-bajragyn-zamylgan-donald-trampty-sureti-zelide-tarap-ketti-foto/

pixel