Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова жеке ән кешіне «Кешью» тобын шақырмайтынын айтты

Опубликовано:

Декреттік демалыстан кейін үлкен сахнадағы жұмысын қайта бастап кеткен Мөлдір Әуелбекова биылғы жылы жеке концертін өткізбекші. Бірақ, әнші бикеш бұл кешке өзі түлеп ұшқан «Кешью» тобын шақырмайтынын айтты деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram: UGC

«Мейрамбек ағамыз, Нұржан Керменбаев, Төреғали, Ернар Айдар, Райым Уайыс пен Мырзахан бар. Әйел адамдардан Роза Қуанышқызымен ғана дуэт айтыппын. Концертімде өзім және менімен дуэт айтатын жандар ғана болады»,-деді Мөлдір.

Әуелбекованың ән кеші биылғы күзде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтпек. Алайда, бұл концерт 2015-ші жылы ұйымдастырылуы тиіс еді.

Бүгінгі әншілер қауымы ауқымды аудитория жинап, зәулім сарайды тыңдарманға толтыру үшін, хит әнінің болуы шарт деген түсінеді. Алайда, Әуелбекова өнердегі әріптестерінің бұл пікірімен келіспейді.

«Іздемеймін де хитті. Әр әншінің өзінің тыңдарманы бар деп ойлаймын. Мен хит іздеп, мынау ән хит, мынау ән халыққа өтеді-ау деп, ондай ешқандай да мақсатым жоқ. Продюсерім жоқ, демеушім жоқ. Барлығы өзіміздің жиған-тергеніміз.. Әйтеуір ата-анам бар»,-деді әнші.

Айта кететіні, Әуелбекова көктемде 23 тректен тұратын алғашқы альбомын жарыққа шығармақ. Дәл қазір «Арман алдамайды» деп аталатын су жаңа әніне бейнебаян таспалап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1712400-mldir-uelbekova-zeke-n-kesine-kesu-tobyn-sakyrmajtynyn-ajtty/

pixel