RU

Ота кезінде ішінде дәке қалып кеткен науқас екі айдан соң көз жұмды

Краснодар қаласында науқастың асқазанына ота жасаған дәрігерлер оның ішінде дәкесін ұмытып кеткен. Нәтижесінде ішкі құрылысы әбден ауырған әйел екі ай жүріп көз жұмды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

"Жоғалған зат" екі ай бойы науқастың ішінде жатып, ол қайтыс болғаннан кейінгі тексеру кезінде ғана табылды. Осы уақытқа дейін әйел ішкі құрылысының не себепті сонша ауыратынын түсіне алмай әлекке түскен. Тіпті дәрігерлер де оның себебін өлгенге дейін білмеген.

56 жастағы әйел Хабаровск ауданынан Краснодарға ота жасату үшін арнай келген. Онда екі ай жатып, үйіне оралған науқас жергілікті медициналық мекемелердің біріне кіре бергенде қайтыс болады.

Оған ота жасаған хирург мамандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты Хабаровсктегі дәрігерлер де жауапқа тартылуы мүмкін.

Себебі әйел ішінің қатты ауырып жатқанын айтып емханаға барғанда, мамандар оған жалған диагноз қойып, ешқандай көмегі тимеген дәрілерді жазып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712408-ota-kezinde-isinde-dke-kalyp-ketken-naukas-eki-ajdan-so-kz-zmdy.html