Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да кейуана туған қызы мен немересін жат ағымның жетегінен қайтара алмай жүр

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылындағы кейуана 7 жылдан бері туған қызы мен немересін "Иегова куәгерлері" діни бірлестігінің қайтара алмай жүргенін айтып, зар илеп отыр. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Барно Юлдашева. Скриншот 31 арна
Барно Юлдашева. Скриншот 31 арна: UGC

Көз жасы көл қылған ананың сөзінше, діни бірлестігінің өкілдері жақындарын үгіттеп алып кеткен.

Жасы 40-тан асқан қызы "Иегова куәгерлері" бірлестігіне кеткенін айтып хат қалдырып, өзін іздемеуін өтінген екен. Тіпті, немересін де бірге ерте кеткен.

"Міне жеті жыл болды. Бір-екі мәрте үйге барды. Кел үйге, үй-жайымыз бар десем, келе алмаймын, ол жақтан келу мүмкін емес. Лажым жоқ деді", - дейді Барно Юлдашева.

Ал тұрғындар діни бірлестіктен зәбір көрген бұл жалғыз адам емес деп отыр. Аудан орталығындағы сауда орындарының иелері де заңсыз үгіт-насихатшылар әбден мезі етті дейді.

"Олар дүкендер мен сауда дүңгіршектеріне барады. Жаяу жүргіншілер мен жолаушыларға да уағыз жүргізеді. Әртүрлі кітаптарды, парақшаларды таратып, жұртты өзіне айналдырып жүр", - дейді Ақсукент ауылының тұрғыны Яша Чилингаров.

Айта кету керек, қазір «Иегова куәгерлері» ұйымына аудан бойынша 59 адам мүшелікке енген екен.

"Біздің ауданда көбейіп кетті. Көп жастарды өздеріне қарай тартып жатыр екен. Үгіт-насихат жасап. Үйлерге барып, домдарға барып, кітаптарын таратып", - дейді «Халық бірлігі» ҚБ төрағасы Қаныбек Төлеметов.

Қазір аудандық ішкі істер басқармасы мен әкімдікке тұрғындардың атынан діни ұйымға қатысты бірнеше арыз келіп түстіпті. Енді ұйымның жұмысын құзырлылар жіті тексермек.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712410-oko-da-kejuana-tugan-kyzy-men-nemeresin-zat-agymny-zeteginen-kajtara-almaj-zr/

pixel