RU

Вокзалда елдің көзінше әйелді зорлаған еркек алты жылға сотталды

Қырғызстанның Токмок қаласындағы автовокзалда жұрттың көзінше қыз зорлаған азамат алты жылға сотталды деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Жәбірленуші сот отырысында оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол бір күн бұрын өзінің құрбысымен спирттік ішімдік ішкен екен. Ертеңіне жанындағы қызды шығарып саул үшін автовокзалға келеді. Қатты басы ауырып, мастықтың салдарынан әлсізденіп тұрған. Соны байқап қалған ерке жанына келіп, бас жазуды ұсынады. Қыз оның келісіп, екі стақан шарап әкеліпті.

"Екеуі арақты ішіп алғаннан кейін, азамат оған мүшеқапты көрсетіп, интимдік қатынасқа түсуді ұсынған. Алайда жәбірленуші өзінің отбасылы екенін айтып, одан бас тартыпты. Сонда қылмыскер оның желкесінен қысып алып күшпен көндіреді. Әйел қанша қарсылық тантықанымен, еркекке шамасы келмепті. Жәбірленушінің басынан бірнеше рет ұрғаннан кейін ол есін жоғалтады. Ол аурухана қабырғасында бір-ақ оянды", - дейді Токмок қалалық сотының өкілдері.

Вокзалда жақын қарым-қатынасқа түсіп жатқан екеуді көріп, сол жерде жұмыс істейтін әйел жүгіріп келген. Жақындай келе ол әйелді зорлап жатқанын түсініп, бірден полицияға хабар беріпті.

Куәгердің айтуынша, қылмыскер әйелді зорлап тастап, өзі риза болып жүрген.

Сот-медициналық сараптамаларының нәтижесіне сійкес, жәбірленушінің денесінде көгерген іздер байқалған. Енді қылмыскер алты жыл абақтыда жазасын өтейтін болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712444-vokzalda-eldi-kzinse-jeldi-zorlagan-erkek-alty-zylga-sottaldy.html