Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде -35 градусқа дейін аяз күтілуде

Опубликовано:

Синоптиктер 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: The jizn
Көрнекі фото: The jizn: UGC

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады.

"Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының оңтүстік-шығыс шеті басым болады. Соның әсерінен ауа райы әсіресе жауын-шашынсыз, бірақ тұманмен күтіледі. Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты, орташа көпжылдық мәнге жақын қысқа мерзімді ауа температурасының жоғарылауы күтіледі", - дейді мамандар.

"Қазгидромет" өкілдерінің болжамынша, еліміздің кей жерлерінде ауа температурасы -35 гардусқа дейін төмендейді.

19 қаңтар күні республика бойынша ауа температурасы:

-Батыста түнгі температурасы 10-15 градус аяз, кей жерлерде 20-25 аяз, күндіз 0-5, кей жерлерде 8-13 градус аяз.

- Солтүстікте түнгі температурасы 15-29 градус аяз, күндіз 8-17 аяз күтіледі.

- Қазақстанның орталығында түнде 13-18, кей жерлерде 23-28 градус аяз күтіледі. Күнгі температурасы 7-12, кей жерлерде 16 градус аяз болуы мүмкін.

- Шығыс аймақтарда түнде 18-23, кей жерлерде 30-35 градус аяз болады, күндіз 10-15, кей жерлерде 20-25 аяз.

- Оңтүстік аймақтарда түнгі ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 17-22 градус аяз болады, күндіз 2-7, кей жерлерде 5-10 градус аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт және жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секудына 5-10 м / с жетеді. Түнде ауа температурасы 20-22 градус аяз, күндіз 13-15 градус нөлден төмен болады.

Алматыда 19 қаңтарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, кейде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м / с. Түнде ауа температурасы 7-9 градус аяз, күндіз 0, —2°C көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712456-elimizde-35-graduska-dejin-aaz-ktilude/

pixel