Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұрт алдында жігітіне үйленейік деп ұсыныс жасаған қыз ұятқа қалды

Опубликовано:

Нигериядағы сауда орталықтарының бірінде жас қыз жұрт алдында жігітіне ұсыныс жасаймын деп ұятқа қалды. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Видеода бойжеткен адам көп жүретін жерде ортаға тізірлеп отыра қалып, жігітіне "маған үйленші" деп ұсыныс жасайды. Әдетте ер азаматтар жасайтын әрекетті өз қолына алған ару бұл шешіміне өкініп қалған сияқты.

Ойламаған жерден өмірлік шешімді қабылдауға тура келген жігіт не істерін білмей қыпылықтап қалған. Ұсынысты алғашында өзіне еш қатысы жоқ қойылым ретінде қабылдаған азамат, біраз шетте мән берменгенсіп тұрып, ақыры бойжеткенді орнынан тұрғызды. Ал өзі "қашқандай болып" сауда орталығынан шығып кетеді.

Сүйіктісі көңілін қалдырған ару достарының арасында жыларман күйде қалып кетті.

Кей деректерге сүйенсек, ұсынысты қабылдамай қойған жігіт отбасылы екен. Әлгі қызды орнынан тұрғызып жатқанда, құлағына соны айтыпты.

Желі қолданушылары бұл жағдайды әр түрлі бағалауда. Бірі қыздың батылдығына тәнті болса, енді бірі оның бұл ісін ақымақтыққа балады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1712521-zrt-aldynda-zigitine-jlenejik-dep-synys-zasagan-kyz-atka-kaldy/

pixel