Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Байзақова клубта шешінген қыздардың өмірі үшін қатты қорыққанын айтты

Опубликовано:

Атышулы Айжан Байзақова клубта шешінген қыздардың өмірі үшін қатты қорыққанын айтты. Себебі бұл оқиғадан соң олар мұндай "танымалдылыққа шыдамай", суицид жасауы мүмкін еді", - дейді ол өзінің Telegram парақшасында.

"Сол күні таңертең мен сіңілімді балабақшаға апаруым керек еді. Түні бойы ұйықтамадым. Қолымдағы жарақаттарды жақындарыма көрсетпеуге тырыстым. Көлігімді оталдырдым. Алайда желіні ашып, қарай алмадым. Себебі, барлық жерде іш киімсіз жүрген қыздардың видеосы тарап кеткен. Ал видеода менің дауысым да бар. Біреу қоңырау шалса, уайымдай бастадым.

Шешінген қыздар мұндай "қара пиарды" көтере алмай, өздеріне бірдеңе жасай ма деп қорықтым. Себебі бұған дейін Жібек хабарласып, 9-да Алмалы АІІБ-не бару керектігін ескерткен болатын. Сіңілімді балабақшаға кіргізіп жіберіп, далаға шығып темекі тарта бастадым. Ол қыздарға бірдеңе болды деген уайыммен бір қорап темекіні қалай шегіп тастағанымды білмей қалдым. Құдайға шүкір, барлығы дін аман екен. Міне, осылайша тергеу басталды", - деді ол.

Осылайша, әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелген оған судья клубта бейәдеп сөздер айтқаны үшін қамалатынын жеткізген.

"Жаңылыс естімедім бе? Қалжыңдап тұрған жоқсыз ба? Менің оларды шешіндіргенім ештеңе емес, ал клуба бейәдеп сөз айтқаным үшін қамаламын ба? Алайда қарсыласудың мәні жоқ еді. Бұл - заң", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1712526-atysuly-bajzakova-klubta-sesingen-kyzdardy-miri-sin-katty-korykkanyn-ajtty/

pixel