Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғашқы түнін өткізу үшін 11 жыл арықтап дайындалған жұп елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Миссури штатында тұратын Ли Саттон мен Рена Кизер үйленіп, алғашқы түндерін өткізу үшін 11 жыл бойы арықтауға тырысып, соңында ота жасатқан деп хабарлайды The Mirror сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: The Mirror
Фото: The Mirror: UGC

42 жастағы Ли Саттон мен 39 жастағы Рена Кизер 11 жыл бқрын артық салмақтан арылуға көмектесетн орталықта танысыпты. Алайда клиника талаптары бойынша емделушілердің бір-бірімен кездесуіне болмайды екен. Екі жас бір-бірін қатты ұнатып қалған соң, орталықтан кетіп, өз бетінше арықтауға тырысады. Бірақ ол қолынан келмейді де, денелерін бұрынғыдан да қатты семіздік басады.

Екеуінің салмағы шамамен 572 келіге жеткен. Біртіндеп денсаулықтары да нашарлап, тіпті қозғалудың өзі қиындай түскен.

Фото: The Mirror
Фото: The Mirror: UGC

Саттон мен Кизер арықтауда амалы қалмай, ота жасатамыз деп шешеді. Олар тіпті атақты хирургты іздеп өздері тұратын жерден кетіеді де Техасқа барады.

Мамандар оларға ота жасау үшін де біраз салмақ тастау керектігін айтып, диета жазып берген. Ғашықтар оның көмегімен екі ай ішінде біраз салмағынан арылып, асқазанына ота жасалады.

Отадан кейін Ли 324 келіден 184-ке түссе, Рена 248 келіден 127 келіге айналған. Бұл жағдай ғашықтарға 11 жыл ішінде алғаш рет интимдік қатынасқа түсуге мүмкіндік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1712529-algasky-tnin-tkizu-sin-11-zyl-aryktap-dajyndalgan-zp-eldi-tagaldyrdy-foto/

pixel