RU

Баян Алагөзованың шәкірті тоқал болуға ұсыныстар түскенде жылағанын айтты

Кезінде Баян Алагөзова проодюсерлік еткен "Shine" тобында ән айтқан Жәния Журинская мерекелік кештерде ішіп алған ағалардың өзіне тоқал, көңілдес болуға ұсыныстар жасаған кезін еске алды. Әнші алғашында мұндай ұсыныстарға намыстанып, талай рет жылап та қалған деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жәния Журинская. Скриншот: Видеодан
Жәния Журинская. Скриншот: Видеодан: UGC

"Тоқал, ашынасы болуға ұсынғандар болды. Бірінші кездерде жылап, әбден қаным қайнаған. Екі күн бойы өз-өзіме келе алмай жүрдім. Ал Баянға бұл кезекті бір оқиға болып көрінген шығар. Сол кезде Әділжан есімді директорымыз болды, мұндай жағдайлардың кездесіп тұратынын түсіндіріп, сабырға шақырды. Бастысы өзіңді ұстай білуің. Соңында біздің тәрбие көрген қыз екенімізді бәрі білді",-дейді актриса.

Айта кетейік, Жәния Журинская бүгінде әнші әрі актриса ғана емес, сонымен қатар бизнесмен. Әншінің жеке сән салоны мен әйелдерге арналған киім сататын бутигі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712531-baan-alagzovany-skirti-tokal-boluga-synystar-tskende-zylaganyn-ajtty.html