RU

7 және 12 жастағы қыздардың өлі денесін тұзды тасқа байлап өзенге тастағандар іздестірілуде

Ундістанның Уттар-Прадеш штатында Шарда өзенінің жағасынан қапқа оралған 7 және 12 жасар қыздардың өлі денесі табылды. Олар су бетіне шықпас үшін тұзды тас байлап тастаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Жергілікті тұрғындар өзен жағасынан өлі денелерді көріп шошып кеткен. 7 және 12 жасар қыздарды қапқа салып, оған тұзды тастар қосып тастапты. Полицияның болжамынша, қылмыскерлер осылайша марқұмдарды көзден ғайып қылғысы келген.

Тәртіп сақшылары оларды қашан өлтіргені туралы әлі біле алмады. Оған қоса қыздардың нақты жас шамасы мен жақындары да табылмай жатыр. Бұл тексеру барысын одан сайын қиындатып, көз жұмғандардың басқа штаттан келген болуы мүмкін деген ойға келтіруде дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712536-7-zne-12-zastagy-kyzdardy-li-denesin-tzdy-taska-bajlap-zenge-tastagandar-izdestirilude.html