RU

Астаналық тұрғын өз әйелін досымен бірге қосылып зорлаған

Астанадағы ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты топтық зорлаудан кейін терезеден секіріп кеткен қыздың ісі бойынша шешім шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: awijare.com
Көрнекі фото: awijare.com: UGC

Сот қызды зорлаған жігіттер ішінде болды деген күдікпен ұсталған 26 жастағы Мұрат Ыдырысовты кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот отырысына жәбірленуші Саина таяққа сүйеніп келді. Себебі ол зорлану оқиғасынан тек моральдік емес, физикалық зақым да алған болатын. Ол терезеден секірген кезде бірнеше дене мүшесі сынып, әлі де еркін қозғала алмай жүр.

Қылмыскер 10 жыл өмірін абақтыда өткізумен қатар, жәбірленушіге бір миллион теңге көлемінде өтемақы төлейтін болды.

Айта кетейік Саинаны екі жігіт жабылып зорлаған. Екінші күдікті Шоқан Әбілқасымовқа тәртіп сақшылары іздеу салып жатыр.

Оқиға орын алмас бұрын Саина Шоқанмен кездесіп жүріпті. Оның айтуынша қылмысты ұйымдастырған да сол қашқын жігіт екен.

"Сот шешіміне қарсы емеспіз. 10 жыл бізді қанағаттандырады. Енді бастысы Шоқанды ұстау керек. Осы қылмысты ұйымдастырған сол деп ойлаймын. Қазір ол бостандықта жүрген кезде мен өз өмірім үшін қорқамын", - деді Саина.

Естеріңізгі сала кетейік, Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны өткен жылдың жаз айында өзін азаматтық некедегі жары мен досы зорлағанын айтып шағымданған еді. Қылмыскерлер оны пәтерде қамап алып өлтіреміз де, бір жерге көміп кетеміз деп қорқытқан соң, жәбірленуші терезеден секіріп кеткен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712543-astanalyk-trgyn-z-jelin-dosymen-birge-kosylyp-zorlagan.html