RU

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза болды

"Самара – Шымкент" тасжолында жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Иллюстрациялық: фото osurgut.com
Иллюстрациялық: фото osurgut.com: UGC

"Бүгін Астана уақытымен 10:30-да Қалыбай ауылына жақын маңдағы тасжолда "Икарус" маркалы автбоусы отқа оранып, 52 адам қаза болды. Олардың барлығы Өзбекстан азаматы. Бес адам өздігінен автобустан шығып үлгерген", - деп хабардар етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе облыстық ТЖД облыс әкімдігінің жетекшілігімен жедел штаб құрып, жедел желіні іске қосқан.

NUR.KZ оқиға барысын қадағалап отыр.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1712548-aktbe-oblysynda-zolausylar-avtobusy-rtenip-52-adam-kaza-boldy.html