Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол жақтан шығу мүмкін емес": Қызы жат ағымда жүрген ана жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Сайрамда күйеуімен ажырасқан келіншек жат ағымның жетегінде кеткен. Өзге діннің өкіліне айналған азаматшаның қарт анасы жеті жылдан бері ұшты-күйлі жоғалып, хабар-ошарсыз кеткен перзентін іздеп, шарқ ұрып жүр. Амалы таусылған ана көпшіліктен көмек сұрайды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Иегова куәгерлері

Тұрмысқа шығып, екі баланың анасы атанған Гүлмира отбасында тату тәтті өмір сүрген. Бірақ, жанұялық бақыты ұзаққа созылмай күйеуімен ажырасады. Ұзақ уақыт бойы күйзеліске ұшыраған келіншек жат ағымның құрығына түсіп қалған.

Мұны білген күйеуі әйелін райынан қайтармақ та болыпты. Алайда, барлық әрекеті нәтижесіз болған. Келіншек "артқа қайтар жол жоқ" деп үзілді-кесілді жауап беріпті. Перзенті үшін жүрегі қан жылаған ана талай есікті тоздырып көмек сұраған.

Иегова куәгерлері
Барно Юлдашева. Фото: nur.kz: UGC
"Қызымды ойласам, жанымды қоярға жер таппаймын. Ажырасқан соң көп қиналды. Кейін, осы жат діннің өкілдері қызымды қалай тауып, құрығына түсіргенін білмеймін. Әйтеуір, солардың артынан еріп кетті. Үйге кел, үй-жайымыз бар десем, "келе алмаймын, ол жақтан келу мүмкін емес. Лажым жоқ деп жауап берді", - дейді Гүлмираның анасы Барно Юлдашева.

Қазір қоғамдағы атышулы «Иегова куәгерлері» ұйымын білмейтін адам кемде-кем. Себебі аудан бойынша 59 адам мүшелікке енген екен. Мұндағы ағайын дәстүрлі емес діни ұйымдардан әбден үрейі ұшып, мезі болғанын да жасырмайды.

"Иегова куәгерлері"

Ал жергілікті билік өкілдері жат діндегі бірлестіктің сорақы әрекетінен хабардар да екен. Тіпті аудандық ішкі істер басқармасы мен әкімдікке тұрғындардың атынан діни ұйымға қатысты бірнеше арыз да келіп түстіпті.

"Өзіміздің құзыретімізге сай, біз алдағы уақытта осы діни бірлестіктің уағыздарына талдау жұмыстарын жүргіземіз. Егер қандай да бір сәйкессіздік пен бейәдеп "қылықтар" орын алған жағдайда, құқық қорғау органдарына ұсынатын боламыз" -дейді Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мағжан Аймаханов.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712575-ol-zaktan-sygu-mmkin-emes-kyzy-zat-agymda-zrgen-ana-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel