Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 15 жастағы қыз күйеуге шығып, балалы болды (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғыны, 1995 жылы туған Утепбергенов Рамазан 15 жастағы жеткіншекке үйленгені үшін істі болып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Оқушымен жас жігіт бір көшенің бойында тұратындықтан, бұрыннан таныс болып, арты махаббатқа ұласқан көрінеді. Былтыр ғана күйеуге шыққан жас келін жақында босанып, 16 жасында ана атанды. Алайда, Анель.К. полицейлерден қамауға алынған күйеуін босатуды талап етіп отыр.

15 жасында күйеуге шыққан Анель енесі Рая Утепбергеновамен. Фото: Петр Карандашов.
15 жасында күйеуге шыққан Анель енесі Рая Утепбергеновамен. Фото: Петр Карандашов.: UGC

16 жастағы Анель К-нің айтуынша, Рамазан Утепбергеновке заңды түрде тұрмысқа шықпақшы болған. Алайда АХАЖ бөліміндегілер бойжеткеннің әкесі 13 жыл бұрын жоғалып кеткендіктен, «рұқсат жоқ» деп кері қайтарған. Тіпті, жас ана екі ай бұрын өмірге келген қызын сүйіктісінің тегіне жаздыра алмай қойған.

Анель.К. екі айлық қызымен. Фото: Петр Карандашов.
Анель.К. екі айлық қызымен. Фото: Петр Карандашов.: UGC

«Рамазанмен үш жылдан артық таныспын. Көрші болдық, бір-бірімзді сүйдік. Екеуміздің махаббатымызға анам мен туыстарым куә. Барлығы бізді қолдап 2016 жылы туыстар арасында құдалық өткізіп, азаматтық некеде, яғни менің анаммен үйінде тұрдық. Ол мені алдамады, жағдайымызды жасап, ер азаматтық борышын орындады»,- деп араша түсуде бойжеткен.

Рамазанның жас әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алу сәті. Фото: Отбасылық мұрағат.
Рамазанның жас әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алу сәті. Фото: Отбасылық мұрағат.: UGC

22 жастағы жігіттің кішкене қызбен тұратынын тәртіп сақшыларына Анелдің өгей әкесі айтып берген. Себебі, Қ.Т. есімді азамат күйеу баласымен көктемде сөзге келіп, артынша таяқ жеген көрінеді.

«Өгей әкем мен анам ажырасып кеткен еді. Араларында екі жасар бала бар. Ол кісі үнемі үйге мас келіп, «ұлымды көремін» деп шу шығаратын. Менің аяғым ауыр, бәріміздің мазамызды алған соң Рамазан оны үйден сүйреп шығарып тастады. Сөйтсек, арқасындағы бұрыннан келе жатқан жарық ауруы (грыжасы) ашылып кетіп, ота жасатыпты. Оны Рамазан ұрған жоқ, куәгерлер де бар. Мүмкін мас болып жүріп бір жерде құлап жарақаттап алды ма білмейміз»,-дейді Анель.К.

Рамазан мен Анельдің сот отырысындағы соңғы суреті. Фото: Отбасылық мұрағат.
Рамазан мен Анельдің сот отырысындағы соңғы суреті. Фото: Отбасылық мұрағат.: UGC

Күйеу баласынан таяқ жеген азамат ауруханада наурыз айында жатқанымен полицияға шағымды бес ай өткен соң, яғни қыркүйектің 27-күні жазған. Оған дейін жас отбасыны бопсалаған көрінеді.

Рамазанның анасы Рая Утепбергенова немересімен. Фото: Петр Карандашов.
Рамазанның анасы Рая Утепбергенова немересімен. Фото: Петр Карандашов.: UGC

«Сұрамаған ақшасы қалмады. Басында денсаулығыма келген шығын деп екі миллион теңге талап етіп, жартысын алды. Тіпті, «ешқандай шағымым жоқ» деп қолхат та жазып берді. Артынша ақшаның дәміне кіріп, ұлыма «жас қыздың басын айналдырғаныңды полицияға айтамын» деп әбден бопсалады. Ақыры Рамазан тұрақты қызметінен босатылып тынды. Үйімізді банкке кепілге қойдық»,- дейді күдіктінің анасы Рая Утепбергенова.

Жәбірленушінің "шағымым жоқ" деп жазып берген қолхаты.
Жәбірленушінің "шағымым жоқ" деп жазып берген қолхаты.: UGC

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Рамазан Утепбергеновке қылмыстық кодекстің 106-бабы (қасақана ауыр дене жарақатын салу) және 112-бабы (кәмілет жасына толмаған жеткіншекпен жыныстық қатынаста болу) бойынша іс қозғалып, тергелуде.

«1995 жылы туған күдікті 8 қараша күні екі айға қамауға алынып, қазір изоляторда отыр. Наурызбай ауданының тұрғынының шағымы бойынша іс қозғалып, тергеу-тексеру нәтижесінде полицейлер жеткіншекпен азаматтық некеде тұратынын анықтаған. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр дене жарақатын салғаны туралы медициналық сараптама қорытындысында жазылған. 16 жастағы бойжеткен мен анасы күдіктіден 122-бапты алып тастау туралы қарсы арыз түсіріп отыр» ,- деді баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Рамазан Утепбергенов 2017 жылдың 1 қарашасына дейін қалалық ТЖД құтқарушы болған. Фото: Отбасылық мұрағат.
Рамазан Утепбергенов 2017 жылдың 1 қарашасына дейін қалалық ТЖД құтқарушы болған. Фото: Отбасылық мұрағат.: UGC

Рамазан Утепбергенов қамауға алынғанға дейін қалалық төтенше жағдай департаментінде құтқарушы болып қызмет жасаған. Жас жігітті полиция тұңғышы туылғаннан соң, үш күннен кейін қолына кісен салған. Артында қалған жас әйелі болса күйеуінсіз жағдайының қиыны екенін тілге тиек етуде.

Жас келін қазір анасымен емес, изоляторға қамалған сүйіктісінің үйінде тұрып жатыр. Фото: Петр Карандашов.
Жас келін қазір анасымен емес, изоляторға қамалған сүйіктісінің үйінде тұрып жатыр. Фото: Петр Карандашов.: UGC

«Екі айлық қызымыз екеуміз Рамазанның анасының үйінде тұрып жатырмыз. Егер күйеуім сотталып кетсе күніміз не болады? Рамазанның ақталып шыққанын - күн көріс үшін ғана емес, қызымыз жетім өспес үшін және оның жазықсыз екенін қайталап айтамын»,- деп егілді 16 жастағы ана.

Анель.К. тұңғыш қызын 16 жасында босанғанына өкінбейді. Фото: Петр Карандашов.
Анель.К. тұңғыш қызын 16 жасында босанғанына өкінбейді. Фото: Петр Карандашов.: UGC

Заңгерлердің пайымынша, қос бап арқалаған күдіктінің қылмыс дәлелденер болса тоғыз жылға сотталуы мүмкін. Оқушымен көңіл жарастырған құтқарушының тағдырына енді тек сот нүкте қояды.

Материал Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған. Эксклюзивті материалды көшіріп басуға редакция тарапынан қатаң тыйым салынады!

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712597-almatyda-15-zastagy-kyz-kjeuge-sygyp-balaly-boldy-foto/

pixel