Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұлтан Сүлейман" сериалындағы Хюрем ерекше фотосын жариялады (фото)

Опубликовано:

Сүлейман Сұлтан сериалындағы Хюрем ретінде көрермендердің жүрегін жаулаған 34 жастағы актриса Мерьем Узерли Instagram парақшасында ерекше фотосын жариялады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: instagram.com/meryemuzerlimeryem
Фото: instagram.com/meryemuzerlimeryem: UGC

Суретте Мерьем 37 жастағы Нур Феттахоглу және 39 жастағы Сельма Эргенчпен бірге түскен. Феттахоглу сериалда Сүлейманның бәйбішесін, ал Эргенч оның қарындасын сомдаған болатын.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Киносүйер қауым бағзы замандағы әйелдер рөлінде таныған жұлдыздарын заманауи кейіпте де бірге көргендеріне таңданыстарын жеткізді.

Фото: instagram.com/meryemuzerlimeryem
Фото: instagram.com/meryemuzerlimeryem: UGC

Айта кетейік, Мерьем Узерли 2013 жылы ана атанып, Лара есімді қызды дүниеге әкелген еді. Алайда оның нақты кездесіп жүрген, тұрмыс құрғалы жатқан ешқандай жігіті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1712626-sltan-slejman-serialyndagy-hurem-erekse-fotosyn-zarialady-foto/

pixel