Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

52 адам тірідей жанып кеткен автобустағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Ақтөбе облысында 52 адам тірідей жанып кеткен автобустағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол көлік ережесін бұзғаны үшін тірі қалған жүргізуші мен көмекшілері тергелетін болады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ІІМ ТЖК
Фото: ІІМ ТЖК: UGC

Телеарнаның хабарлауынша, марқұмдардың мәйіттерді әлі облыс орталығына жеткізілмеген. 52 адамның кім екенін бүгін түні бойы анықтап, протокол толтырады. Содан кейін ғана мәйітханаға әкелінеді екен.

Ол үшін Ақтөбеден оқиға болған Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына қарай бір тікұшақ және Камаз көлігі жіберілген.

19 қаңтарда марқұмдардың сүйектерін Өзбекстанға ұшақпен алып кетеді деп күтіліп отыр. Нақты уақыты белгісіз. Ол үшін Өзбекстан елінің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әуе көлігін бөлген. Сол елдің Қазақстандағы консулы Шухрат Кошебоев та Алматыдан ұшып келген.

Ал аман қалғандардың арасында автобус жүргізушісі бар. Ол жеңіл жарақат алған. Бірақ оның бірден тергеуге алынар-алынбасы белгісіз.

Тірі қалған бес адамға қатысты соңғы келіп түскен ақпаратқа қарағанда олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Әзірге олар да оқиға болған жерде екен.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын шығып, Ресейдің Казань қаласын бетке алған жолаушылар автобусы өртке оранып, 52 Өзбекстан азаматы қаза болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712652-52-adam-tiridej-zanyp-ketken-avtobustagy-rtke-katysty-kylmystyk-is-kozgaldy/

pixel