RU

Назарбаев әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға шақырды

18 қаңтарда Нью-Йоркта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын ашып берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерін ядролық қарудан бас тартуға шақырды деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Кадр khabar.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. Кадр khabar.kz: UGC

Алқалы жиында елбасы "егер әлем елдері ядролық қаруға қатысты келіссөз өткізуді қаласа Қазақстан оларға алаң ұсынуға дайын" екенін мәлімдеді.

"Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы тәуелсіздігін нығайтып, әлем алдында бедел жинады. Әлем елдерін бізден үлгі алуға шақырамын. Кезінде Иранды [ядролық қарудан бас тартуға] шақырдық. Енді Солтүстік Кореяны шақырамыз", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар президент кеңес барысында қазір ғылыми жетістіктерді қару жасауға қолдану әлемге қауіп төндіріп тұрғанын, ғарыш әлемін әскери алаңға айналдырудың алдын-алу керектігін де айтты.

Айта кетейік, Қазақстан қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1712654-nazarbaev-lem-elderin-kazakstannan-lgi-aluga-sakyrdy.html