RU

Автобус ішінде өртеніп кеткен 52 адамның мәйітіне экспертиза жасалынып бітті

Ақтөбе қаласындағы мәйітханаға жеткізілген 52 адамның мүрдесіне медициналық экспертиза жасалынып бітті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе
Ақтөбе: UGC

Сот-медицина қызметкерлері түнімен көз ілмей зерттеу жұмыстарын жасады.

"Барлық мəйіттерге медициналық зерттеу жұмыстары жасалынып бітті. Таң алдында ғана бітірдік. Оларды жөнелту жұмыстарымен арнайы мамандар айналысатын болады", - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Қазіргі уақытта мəйіттерді жөнелту жұмыстары рəсімделіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712721-avtobus-isinde-rtenip-ketken-52-adamny-mjitine-ekspertiza-zasalynyp-bitti.html