RU

Сириядағы соғысқа кеткен белгілі неміс рэпері көз жұмды

Біраз уақыт бұрын "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымының жауынгерлеріне қосылған атақты неміс Рэпері Деннис Кусперт Сирияда қаза тапты. Бұл туралы Regnum сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Деннис Кусперт. Фото желіден алынды
Деннис Кусперт. Фото желіден алынды: UGC

Алдын ала мәлімет бойынша Кусперт 17 қаңтар күні Дэйр-эз-Зордағы жауынгерлік қақтығыс кезінде көз жұмған.

"Ислам мемлекеті"(Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған) 2017 жылы көптеген аумақтық және адами шығындарға ұшырағанына қарамастан, бүгінде бүкіл әлемдегі аса қауіпті ұйымдардың бірі болып қалып отыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712767-siriadagy-sogyska-ketken-belgili-nemis-reperi-kz-zmdy.html