Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жоғалып кеткен өзбекстандық азамат әлі табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен Өзбекстан азамат әлі де іздестіріліп жатыр. Құзырлы органдардан хабар болмағандықтан, Хасан Хожамқұловты іздеуге енді еріктілер тобы кіріскен деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Полиция іздеу салған Хасан Қожамқұлов
Полиция іздеу салған Хасан Қожамқұлов: UGC

35 жастағы жігіттің ізім-ғайым жоқ болып кеткеніне тура үш жұманың жүзі болған. Хасан Қожамқұлов жақында ғана Өзбекстаннан Алматыға ем қабылдау үшін келіпті. Алып шаһарды жөнді білмейтіндіктен адасып, тентіреп қалуы да мүмкін деген болжам бар.

Сондай-ақ, осыдан екі күн бұрын бейтаныс әйел адам оны сауда орталығында көргендігін телефон арқылы жеткізіпті.

"Жексенбі күні сағат 12-де көрдік, тамақ бердік" дейді. Апорттың 2 қабатында. Сосын екі күннен кейін сенбі күні хабарласты", - дейді Өткер Хожамқұлов.

Бұл жоғалған азамат туралы соңғы хабар. Қазір аталған сауда орталығында орналастырылған барлық бейнебақылау камерасына жазылған видеолар тексеріліп жатыр.

Еске сала кетейік, Хасан Қожамқұловтың туыстары NUR.KZ порталына Алматыға Өзбекстаннан емделуге келген бауырларының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, хабарласқан еді.

Жақындарының сөзінше, ұмытшақтық ауруы болғанмен, тепсе темір үзетін азаматты қара жұмысқа жегу үшін бәзбіреулер әдейілеп қамап ұстауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712789-almatyda-zogalyp-ketken-zbekstandyk-azamat-li-tabylmaj-zatyr-foto/

pixel