RU

Түркияда 11 адамның өмірін қиған ірі жол апаты орын алды

Анкарадан Бурса қаласына бара жатқан туристер автобусы жол-көлік апатына түсті. Болжам бойынша 11 адам көз жұмып, 46 адам зардап шеккен деп хабарлайды Түркияның Anadolu агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түркияда 11 адамның өмірін қиған ірі жол апаты орын алды. Фото: aa.com.tr/ru
Түркияда 11 адамның өмірін қиған ірі жол апаты орын алды. Фото: aa.com.tr/ru: UGC

Көлік ағашқа соғылған. Апат қаңтардың 20 күні таңертең Эскишехир провинциясында орын алды. 46 жолаушы түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.

Эскишехир губернаторы Оздемир Чакачак марқұмдар үшін құран бағыштап, зардап шегушілердің тезірек жазылуын тіледі.

Оның сөзінше, жол бос және тайғақ болмаған. Жолаушылардың ішінде балалы отбасылар болған деп жазады TheJournal.ie.

Олар демалыстарын танымал таулы курор Улудагта өткізбекші болған.

Жүргізуші мен көмекшісі қамауға алынды. Болжам бойынша, апатқа аяқ астынан жүгіріп шыққан жануар себеп болуы мүмкін.

Еске салсақ, ауа-райының қолайсыздығына байланысты соңғы күндері Түркияда үш бірдей ірі жол апаты орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712872-trkiada-11-adamny-mirin-kigan-iri-zol-apaty-oryn-aldy.html