Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 40 градус аязда қарға шомылатын азамат ауруынан құлан таза айығып кетті

Опубликовано:

Ақтөбеде Рохманқұловтар отбасында аязды күні қарға шомылу үш жылдан бері әдетке айналған. Ербол Рахманқұлов дәрігерлер көмектесе алмаған аллергиямен өзі күресуді шешкен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Үш баласымен бірге қарға шомылып жатқан азамат. Фото: NUR.KZ
Үш баласымен бірге қарға шомылып жатқан азамат. Фото: NUR.KZ: UGC

Облыстағы жедел жәрдем қызметінің фельдшер маманы болып жұмыс істейтін Алмагүл Базарбаева үш баласы мен жолдасының 40 градус аязды күндері қарға қалай шомылатынын айтып берді.

"Жолдасым үш жылдан бері қарға шомылады. Ол аллергиямен қиналып көп жерге барды. Денсаулығын қаратпаған жері жоқ, үнемі дәрімен жүретін. Үш жыл бұрын қарға шомылуды бастады. Содан бастап аллергиялық ауруы сап тыйылды десе болады.
11 және 7 жастағы ұлдарым әкелеріне еріп екі жылдан бері қарға жуынып жүр. Алты жастағы қызым оларға биыл қосылды. Мен басында қызымның аязға шынығуына қарсы болдым. Қыз бала болған соң одан қорқып, аязға жалаңаш шығаруға қорықтым. Бірақ, бала болған соң ағаларының жасағанын көріп, олар далаға шығатын кезде еңіреп жылап қалады. Қоймаған соң биыл оны да шығардық", - дейді Алмагүл Базарбаева.
Үш баласымен бірге қарға шомылып жатқан азамат. Фото: NUR.KZ
Үш баласымен бірге қарға шомылып жатқан азамат. Фото: NUR.KZ: UGC

Үш бала тәрбиелеп отырған медицина саласының маманы денені шынықтырудың да өз тәртібі бар екенін айтады.

"Жолдасым күнде үш баласын ертіп далаға шығады. Жаттығуды үзген емес. Бірінші далаға шыққанда салқынға бойды үйрету керек. Денені аяз шымшығаннан кейін қармен үйкейді. Қардың суы бойға сіңу керек, сүртуге болмайды. Жаттығу небәрі 10 минуттай уақытқа созылады.
Үйге келгенде денені сүртпей, қар суын бойларында кептіреді. Әбден кепкеннен кейін кейініп алады. Жаттығуды жел жерде жасауға болмайды. Ық жерді таңдау керек. Аяз күшті болған сайын денсаулыққа жақсы. Балалар әкелерімен 40 градус аязды күндері де жаттығуларын жасайды", - дейді Алмагүл Базарбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1712936-aktbede-40-gradus-aazda-karga-somylatyn-azamat-auruynan-klan-taza-ajygyp-ketti/

pixel