Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет: Атың шықпаса жер өртеу керек

Опубликовано:

Өнерінен гөрі, жеке өмірі арқылы танымалдылығы артқан Ақбота Сейітмағамбет әйел бақытын баласы дүниеге келгеннен кейін ғана сезінгенін айтты. Сондай-ақ әнші халыққа танымал болу үшін: «Атың шықпаса жер өртеу керек» деп ойлайтынын жасырмады деп хабарлайды Comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет. Фото: Instagram
Ақбота Сейітмағамбет. Фото: Instagram: UGC

«Әйел бақытын балам арқылы сезіндім десем болады. Анамын. Аллама мың шүкір! Тыныш , бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Балам қасымда. Жақындарым, туыстарым, достарым бар. Бақытымды бағалай білемін. Қазақтың ерке қызы болып туылғаныма бақыттымын. Бақытты сезіне білу керек”,-деді әнші.

Атағыңды шығарудың түрлі жолы бар деген Ақбота танымалдылыққа жетудің ең оңай жолын айтты.

«Атағыңды шығарудың жолдары көп. Ең жақсы жолы өз салаңа күніне ең кемі 4-5 сағат уақыт бөлу керек. Еңбектену керек. Өз салаңның нағыз тәжірбиелі маманы болу керек. Ал ең оңай жолы: Атың шықпаса жер өртеу керек (күліп)»,-дейді Ақбота.

Ақбота Сейітмағамбет. Фото: Instagram
Ақбота Сейітмағамбет. Фото: Instagram: UGC

Ақбота өзіне қатысты түрлі сыни пікірлерді қарша борататын кей жандардың өзін ең алдымен ана ретінде, біреудің қарындасы ретінде қабылдауын қалайтынын жеткізді.

«Мен біріншіден анамын, біреуге доспын, әпкемін, қарындаспын, бір сөзбен айтқанда қазақтың ерке қызымын. Өнер жолында жүрген қарапайым әншімін. Алар асуы бар, бағындырар белесі бар, алға қойған мақсаты бар, арманы бар, ойы бар адаммын. Кім болғым келеді? Осы өмірге келген соң, Абай атамыз айтпақшы: «Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан», – демекші, осы өмірде өз орнымды табу. Халқыма қызмет етіп, аз болса да пайдамды тигізу.

Біз болашағымызды жобамен жорамалдаймыз, Бірақ бәрі Алланың қолында екенін ұмытпайық. Мен де ұмытпаймын. Бірақ қол қусырып қарап отырғаным жоқ. Өнер адамы болып қалыптасу үшін, аянбай еңбек етіп, білек сыбана жұмыс жасап жатырмын",- деп ағынан жарылды әнші.

Еске салсақ, Ақбота Сейітмағамбет "Кешью" тобының бұрынғы әншісі. Ол үш баласы бар актер Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып, бір жылдан кейін ажырасып кетті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1712982-akbota-sejitmagambet-aty-sykpasa-zer-rteu-kerek/

pixel