RU

Керең болады: Дәрігер құлаққаптың адамға тигізетін зиянын айтып, дабыл қақты

Семейлік дәрігер адамдардың ұялы телефонға жиі үңіліп, көздерін нашарлатып қана қомай, құлаққап арқылы есту қабілетінің бұзылуына да өздері себепкер болып отырғанын айтады. Бұл туралы Аltaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Айгүл Шакетованың айтуынша, құлаққапты пайдаланған адамар біртіндеп керең болады екен.

"Музыка тыңдаған дұрыс-ақ, бірақ құлаққаппен емес, радиодан, магнитафоннан да тыңдаса болады, жастарымыз осыны ескерсе екен. Құлаққап бізге ыңғайлы, жақсы болып көрінгенмен, уақыт өте келе оның қандай ауруларға шалдықтыратынын ескере бермейміз. Бар қателігіміз осында. Адам құлаққапты пайдаланғанда біртіндеп кереңдік ауруына тап болады. Онымен қоса, өзіне артық радиотолқын мен шектен тыс биоток қабылдайды. Бұл ағзада әртүрлі аурулар туғызады", - дейді Шакетова.

Сондай-ақ дәрігердің сөзінше, 3 сағаттан артық құлаққап пайдаланған адамда ашушаңдық, стресс аурулары пайда болып, 45 жастан асқаннан кейін естуі тіпті қиынға соғуы мүмкін екен

"Зерттеу барысында құлаққапты ұзақ уақыт, мәселен 3 сағаттан артық тыңдағанда адамның бас миының тамырлары тарылып, оттегі жеткіліксіздігінен бас ауруы пайда болатындығы анықталды. Бұны мен дәрігер-маман ретінде ескертемін. Сонымен қатар ашушаңдық, үрейлену, яғни стресс дамиды. Ең қауіптісі - құлаққаптың құрамында магнитті дыбыс тарататын құрылғы орналасқандықтан бұл құрылғының электр энергиясын көп қажет ететіндігі бар.
Көпшілік құлаққап пайдаланушылардың телефон қуаты тез сөніп қалатыны да осы себептен. Құлаққаптың бірден әсер ететін мүшесі - құлақ. Ең бірінші көрінетін, белгі беретін ауру - кереңдік. Адам құлағы естімегендіктен көп ақпараттарды дұрыс қабылдай алмайды. Уақыт өте келе, жасы 45-тен асқаннан кейін естуі тіпті қиынға соғуы мүмкін", - дейді Айгүл Шакетқызы.

Сонымен қатар маманның айтуынша, құлаққап арқылы әртүрлі микроағзалар денеге таралуы мүмкін.

Бұл құлақтың отит, паротит ауруларына алып келеді. Осының алдын алу үшін құлаққапты құлаққа салар алында 70 пайыздық спиртпен өңдеп, тазартып алған жөн.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712985-kere-bolady-driger-klakkapty-adamga-tigizetin-zianyn-ajtyp-dabyl-kakty.html