Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қабір қазуға бүкіл ауыл келді: Өзбек халқы тірідей жанған азаматтарын жоқтауда (фото)

Опубликовано:

Ақтөбедегі қайғылы оқиғада қаза тапқан 52 адамның басым бөлігі Наманған ауданынан болып шықты. Бүгінде бүтін бір ауыл қара жамылып, ұл-қыздарын жоқтап отыр. Оларға аудан билігі мен еріктілер барып, көңіл айтты деп хабарлайды nuz.uz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: nuz.uz
Фото: nuz.uz: UGC

Қарапайым жұмысшылардың қазасы олардың ағайын-туыстарына ғана емес, бүкіл облыс және аудан билігіне де ауыр тиді.

Өз кезегінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев марқұмдардың әруағына құран бағыштап, қайғылы оқиғаға біз барлығымыз кінәліміз деген еді.

Фото: nuz.uz
Фото: nuz.uz: UGC

19 қаңтар, жұма күні жантүршігерлік оқиғада Касансай ауданының Чиндовул ауылынан сегіз адам қаза тапқанын естігенде-ақ, аудан билігі түгелдей марқұмдар отбасына келіп көңіл айтты.

Қайғыға ортақтасқан кәсіпкерлер өрттен көз жұмғандардың бала-шағасына жылы киімдер үлестірді. Бір ғана ауылдан жұмысқа кетіп, қайта оралмаған сегіз азаматтың артында 10 ұл мен 14 қыз жетімсіреп қалды.

Фото: nuz.uz
Фото: nuz.uz: UGC

Автобус ішінде болған Иброхимжон есімді азаматтың әкесі Исмоилжон-атаның айтуынша, аудан билігі оларға материалдық көмек көрсетіп, үйін жөндеп беруге уәде еткен. Сондай-ақ оларға газ баллоны мен бір тонна көмір түсіріп беріпті.

Фото: nuz.uz
Фото: nuz.uz: UGC

Қайғыдан қан жұтқан әке баласының Ресейге бекер барғанын айтады. Себебі Өзбекстанда жүріп-ақ жап-жақсы ақша табуға болады екен. Оның басқа үш ұлы өздерінің нан цехын ашып, тәп-тәуір несібесін тауып жүр.

Ауыл тұрғындары жастарды бірден байып кетуге құмар дейді. Олар дем арасында үйлі-жайлы болып, көлік міне салғысы келеді екен. Сондықтан да аз уақытта көп ақша табамын деп Ресейге кетіп жатқандардың бірі көрінісі осы деп отыр.

Жұма күні еріктілерден құралған топ екі бірдей ұлынан айырылған шаңыраққа барып көңіл айтты.

"Марқұмдардың әкесі қан қысымы көтеріліп орнынан тұра алмай жатты. Оны жедел-жәрдем келіп алып кетті. Олар біздің қаладан көңіл айту үшін арнайы келгенімізге таңданыстарын жасырмады. Одан кейін тағы бір отбасыға бардық. Онда тек жылап жатқан әйелдер бар екен. Ал ер азаматтар қабірдің басына кетіпті. Бірден мазарға бардық. Молада өте көп адам жүрді. Қабір қазуға бүкіл ауыл келгендей көрінді", - дейді еріктілер.

Фото: nuz.uz
Фото: nuz.uz: UGC

Қазір қара жамылған ауыл тұрғындары жақындарының өлі денесін Ташкенттен қашан алып келер деп күтіп отыр. Олар 19 қаңтар күні Қазақстанға келіп, марқұмдармен ДНҚ сайкестігін анықтау үшін қан тапсырған болатын. Енді санаулы күндерде оларды туған жеріне жеткізіп, жер қойнауына тапсырады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713037-kabir-kazuga-bkil-auyl-keldi-zbek-halky-tiridej-zangan-azamattaryn-zoktauda-foto/

pixel