RU

Бұл - Шымкент: Қыстың қақ ортасында суға шомылған шымкенттіктер елді таңғалдырды

NUR.KZ порталының оқырманы WhatsApp + 7747 535 12 98 нөміріне қаңтардың қақ ортасында шешініп тастап, суға секірген шымкенттік тұрғындардың видеосын жолдаған. Видеода ОҚО-ның Мақтарал ауданында ауа температурасы 21 градусқа дейін көтерілгені айтылады.

Видео кейіпкерлері оқиғаның 19 қаңтарда болғанын айтқан. Олар еліміздің оңтүстігінен қақаған аязды өткеріп жатқан солтүстік қазақстандықтарға сәлем жолдайды.

.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713049-bl-symkent-kysty-kak-ortasynda-suga-somylgan-symkenttikter-eldi-tagaldyrdy.html