RU

Сиви Махмуди жуырда қандай атақ алғанын ұмытып қалды

Жуырда ғана мемлекет тарапынан сыйлық алған Сиви Махмуди алған марапаты жайлы ақпараттан мақұрым болып шықты. Журналистің сұрағына жауап бере алмаған әнші қандай атаққа ие болғанын есіне түсіре алмады деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сиви Махмуди марапат кезінде. Фото: Instagram
Сиви Махмуди марапат кезінде. Фото: Instagram: UGC
"Атауы шынымды айтайын толықтай есімде жоқ. Ұят болды",-деп жауап берді ол журналистің қандай атақ иелендіңіз деген сауалына.

Сивиге тағылған «Еңбек даңқы» төсбелгісі еді. Аталмыш марапат жайлы толығырақ ақпарат сұрағанда, өнер иесінен тағы да тұщымды жауап болмаған.

«Кейін айтайықшы ол жайлы, иә?!», - деп қысқа ғана жауап берді әнші.

Сивидің желідегі оқырмандары оның аталған марапатқа лайық емес екенін жарыса жазған еді. Ал әншінің өнердегі әріптестері халық әрдайым турасын айтады дейді.

"Халық барлығын көріп отыр, көзі ашық. Кімнің лайық, кімнің лайық емес екенін халық жақсы біледі. Сондықтан да, ол әңгіме құрдан-құр жүрмейді. "Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды", - деді Меломендік жігіттер.

Еске салсақ, желтоқсан айында әнші парақшасына «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталғанын жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713050-sivi-mahmudi-zuyrda-kandaj-atak-alganyn-mytyp-kaldy.html