RU

Алты жасар балаға өз ата-анасы қайнаған су құйып күйдірген

Бразилияда қатыгез ата-ана асырап алған баласын өздерінің қара сиқырына пайдаланып келген. Олар тоғыз ай бойы баланы ұрып-соғып, қайнаған сумен күйдіріпті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Алты жасар баланы аямай қорлаған отбасы мүшелері өз қылмыстарын мойындап отыр. Олар енді 70 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция мәліметінше, Маркус есімді бала аптасына төрт рет жәбір көріп келген. Осыған дейін ол ата-анасының көрсеткенін қалыпты жағдай деп ойлапты. Нәтижесінде қазір баланың бір көзі көру қабілетінен айырылып қалған. Дәрігерлер тіпті, екінші көзінің де көрмей қалуы мүмкін екенін айтуда. Маркустың барлық сүйектері сынған, ал денесін түгелдей тыртық іздері жайлаған.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Маркусты төрт жасында жетімдер үйінен асырап алады. Оның биологиялық ата-анасы нашақор болып, оны тастап кеткен. Ал асыранды отбасы баланы "өздерінің шаңырағына қонған бақытсыздықпен күресу үшін" пайдаланбақ болғанын мойындайды. Олардың айтуынша, Маркустың ішіне жын-пері кіріп кеткен екен. Соның кесірінен бұл үйге сәттілік пен табыс кірмей қойыпты.

Сенімі бөлек отбасы мүшелері баланың ішіндегі жынды шығарып тастау үшін оны үнемі қинауға мәжбүр болдық дейді. Маркустың ағасы тіпті, оны азапатағаннан ләззат алатынын айтады.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

"Бала әбден қорқып қалған. Маркустан ата-анасы жасайтын күнделікті жөн-жоралғылар туралы сұраған едік, үндеместен жерге қарады", - дейді тергеуші.

Қорқыныштысы сол, отбасы мүшелері баланы ұрып-соққанымен қоймай, оның басына қайнаған су да құйыпты.

Ауруханадан шыққан соң бала жетімдер үйінде біраз күн болды. Кейінірек оны Оңтүстік Бразилияның Минас-Жерайс штатынан келген басқа бір жұп асырап алған. Енді ол бірнеше ота мен психологиялық көмекке мұқтаж.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713069-alty-zasar-balaga-z-ata-anasy-kajnagan-su-kjyp-kjdirgen.html